БОКС: 13 сәуірде Роман Жайлауовтың кіммен кездесетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 сәуірде Йоханнесбургте (ОАР) «Emperors Palace» аренасында 20 жастағы қазақстандық боксшы Роман Жайлауов 6 раундтық рейтингілік жарыста оңтүстікафрикалық Луянда Джакамен (9-9-2, 4 КО) кездеседі.

БОКС: 13 сәуірде Роман Жайлауовтың кіммен кездесетіні белгілі болды

Бұл туралы sports.kz. хабарлады.

Басты айқаста жергілікті боксшылар Грант Фьюри мен Уооррен Юберт арасында бірінші жартылай орта салмақтағы ОАР чемпионының бос белдігі ойналады.

Кэмптон Паркте өтетін боксшылар шоуының ұйымдастырушысы Golden Gloves промоутерлік компаниясы. Ол 21 ақпанда Монакода өткен Геннадий Головкин мен Мартин Мюррейдің соңғы жекпе-жегін ұйымдастырушылардың бірі болған.

Қазақстандықтың қарсыласы Луянда Джако барлық жарыстарын алғашқы жартылай орташа салмақта өткізсе, ал Роман болса жартылай орташа салмақта жекпе-жекке шығып келеді.