Бокс: 2020 жылдың үздік нокауты анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxingscene.com сайты өткен жылдың ең үздік нокаутын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс: 2020 жылдың үздік нокауты анықталды

Үздік нокаут иесі ретінде ресейлік боксшы Александр Поветкин (36-2-1, 25 КО) танылды. Ол өткен жылдың 22 тамызында британдық Диллиан Уайтты (27-2, 18 КО) ауыр нокаутқа жіберген еді. Жалпы, оның алдындағы екі кездесуде де ресейлік нокаутқа ұшырап, жеңіліс тапқан болатын. Осы нокауттың арқасында Александр Поветкин әлем чемпионы «уақытша» титулын жеңіп алған.

Үздік нокаут иесі тізіміне Поветкиннен басқа Райан Гарсия, Жо Жорж, Хосе Сепеда, Жервонта Дэвис пен Энтони Жошуа үміткер еді. Алайда ресейліктің бағы жанып отыр.