Бокс: Әділбек Ниязымбетов Әлем чемпионатында Өзбекстан боксшысынан жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының боксшысы Әділбек Ниязымбетов Катардың Доxа қаласында өтіп жатқан әуесқой бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады.
81 келі салмақта өнер көрсететін Әділбек ширек финалда өзбек боксшысы Елшод Расуловтан 3:0 есебімен ұтылды.
Осылайша, жартылай финалға Қазақстан намысын екі боксшы: құрама капитаны Данияр Елеусінов пен аса ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко шықты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының 6 боксшысы: Әділбек Ниязымбетов, Олжас Сәттібаев, Жәнібек Әлімxанұлы, Василий Левит, Қайрат Ералиев пен Зәкір Сафиуллин Әлем чемпионатында жеңіліс тапты.