Бокс: Ағайынды Жайлауовтар Кемптон Паркте өтетін жекпе-жекке әзірлік үстінде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда Оңтүстік Африка Республикасындағы Кемптон Парк қаласында кәсіби бокс кеші өтеді. Онда 21 жасар Роман Жайлауов өз салмақ дәрежесі бойынша жеңіліске ұшырамаған конголық былғары қолғап шебері 22 жастағы Пол Камангамен кездеседі.
None
None

12 раундық жекпе-жек жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Осы кеште Романның інісі Дайыр Жайлауов алғаш рет кәсіби шаршы алаңға шығады, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Қазір ағалы-інілі боксшылар алдағы сайысқа қызу әзірлік үстінде.

Соңғы жаңалықтар