Бокс: Әлем чемпионатында 11 боксшымыздың 5-еуі жарысты жалғастыруда

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Италияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасындағы 11 боксшының   алтауы  жарыстан шығып қалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sports.kz сайтының мәліметінше, әзірге Олжас Сәттібаев (51), Қанат Әбутәліпов  (54), Рүстем Сыбаев (64), Серік Сәпиев (69) және Иван Дычко (+ 91 келі) әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде.

Ал, Әділет Қапезов (48), Ержан Мұсафинов (57), Ғани Жайлауов (60), Азамат Белгібаев (75), Данияр Үстембаев (81) және Василий Левиттердің (91 келі) Миланда жолдары болмады.  

Бүгін шаршы алаңда Қанат Әбутәліпов венгриялық Кристиан Лакоташпен, Иван Дычко ресейлік Денис Сергеевпен, ал Серік Сәпиев украиналық Тарас Шелестюкпен қолғап түйістіреді. Ал, ертең Рүстем Сыбаев түркиялық Онур Сипаломен, Олжас Сәттібаев та түрік боксшысы Ирдар Инанлимен кездеседі. Бұл боксшыларымыздың әрқайсысы екі жекпе-жекте жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар