Бокс: Әлем чемпионатында қазақстандық қыздар үздік 12 команданың қатарына енді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бокстан кеше Барбодоста мәреге жеткен әйелдер арасындағы VI Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік 12 команданың қатарына енді.
None
None

Ақтық сында 81 келі салмақта өнер көрсеткен Марина Вольнова бразиялиялық Росели Фейтосаға 12:3 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін жартылай финалда румыниялық Стелюта Дутеден 10:5 есебімен жеңіліс тапқан Назгүл Боранбаева (48 кг) қола жүлдеге ие болған еді. Онда бейресми командалық есепте 1-ші орынды 2 алтын, 1 күміспен - Ресей, 2-ші орынды 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен Қытай құрамасы иеленді. Ал үздік үштікті 1 алтын, 1 күміс медальға ие болған Солтүстік Корея спортшылары түйіндеді. Онда ресейліктер қоржынына алтын медальді ақтық сында солтүстік кореялық Хи Сон Кимдфты жеңген Елена Савельева (54 кг) мен украиндық Катерина Кужельден басым түскен Надежда Торлопова (+81 кг) салды. Ал Қытай құрамасынан Канкан Рен (51 кг), Солтүстік Корея құрамасынан Жу Кум Юн (57 кг) өз еліне Әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады.

Соңғы жаңалықтар