БОКС: Әлем чемпионатының ақтық сынына тағы бір қазақстандық боксшы қыз шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 81 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өтті.
None
None

Жартылай финалда ол Қытайдан келген Ванг Шижинді тізе бүктірді. Ақтық сында Күнгейбаева Шадасия Гринмен (АҚШ) жұдырықтасады, деп жазады sports.kz.

Айта кетейік, 27 мамыр күні әлем чемпионатының финалдық бәсекесі, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар