Бокс: Әлемнің экс-чемпионы жол апатынан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан орта және жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Грациано Роккиджани 54 жасында жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Bild неміс басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокс: Әлемнің экс-чемпионы жол апатынан қаза тапты

Германияның атынан кәсіби рингке шыққан Роккиджаниді Италияда таңертеңгі серуен кезінде көлік қағып, мерт қылған.

Грациано өз мансабында 48 жекпе-жек өткізіп, 41 рет жеңіске жеткен (соның ішінде 19-ы  нокаутпен). Роккиджани 2003 жылдың мамырында неміс боксшысы Томас Ульрихтан жеңілгеннен кейін спорттық жолын аяқтап, бапкерлік жұмыспен айналысатынын мәлімдеген еді.