БОКС: Америкалық Мосли WBA нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы Аванесянмен жекпе-жекке шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы америкалық Шейн Мосли келесі жекпе-жегін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы ресейлік Давид Аванесянмен өткізеді.

Бұл туралы fightnews.com порталында хабарланды.

Кездесу 28 мамырда Глендейлде (АҚШ, Аризона штаты) болады. Оны промоутерлік компаниясы бар Мосли өткізеді. Бұл жекпе-жек туралы америкалық Лос-Анджелестегі бокс кешінде жариялады.

2013 жылы австралиялық Энтони Мандайннан жеңілген Мосли бокстан кетті, алайда 2015 жылы шаршы алаңға оралып, никагаруалық Рикардо Майоргуды жеңді.

44 жастағы Мосли 48 рет жеңіске жетті (40 нокаутпен), 9 рет жеңілді және 1 кездесуде қарсыласымен тең түсті.

27 жастағы ресейлік 21 рет жеңген (10 нокаутпен), 1 рет жеңілді және 1 кездесуде қарсыласымен тең түсті.

Соңғы жаңалықтар