БОКС: Аса ауыр салмақтағы кубалық Майк Перес Александр Поветкинмен кездесетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубаның аса ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшысы Майк Перес 22 мамырда Мәскеуде Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпионының «күміс» титулының иесі Александр Поветкинге қарсы жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

БОКС: Аса ауыр салмақтағы кубалық Майк Перес  Александр Поветкинмен кездесетін болды

Бұл туралы ТАСС агенттігіне кубалық спортшының менеджері Патрик Томас хабарлады.

«Біз Мәскеуде Поветкинге қарсы жекпе-жекті өткізу үшін келіссөздерді жүргізудеміз. Оның өткізілу күні шамамен 22 мамырға келіп тұр. Осы аптадағы келіссөздерде толық белгілі болады», - деді Томас телефон арқылы.

Қазіргі кезде Перес WBC рейтингінде - екінші, ал Поветкин бірінші орында тұр.