Бокс: «Астана арландары» «Мехико сарбаздарын» жеңді

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде «Астана арландары» «Мехико сарбаздары» боксшыларын қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
None
None

Алғашқы жекпе-жекті 54 салмақ дәрежесіндегі арландық легионер Хабибулла Исмаил-Ахунов пен мексикандық Элиас Эмигдио бастады. Бұл кездесу біз үшін сәтсіз аяқталды. Есеп 0:1. Бірақ екінші жекпе-жекте есеп таразысы теңесті: Мерей Ақшалов өз қарсыласы Анхель Гутьерресті жеңді. Осыдан кейін, 73 келі салмақтағы арландық Рустам Сваев мексикандық сарбаз Дмитрий Митрофановқа есе жіберіп,  қонақтар қайтадан алға шықты. Дегенмен, төртінші жекпе-жекте біздің легионер Рамжон Ахмедов «Мехико сарбаздары» құрамасының мақтанышы Кеннеди Катендені ойсырата ұтты. Есеп 2:2. Бесінші жекпе-жек болған жоқ. Себебі біздің нокаутшы - Руслан Мырсатаевтың қарсыласы Омар Гарсиа жарақатқа байланысты Астанаға келе алмады. Сөйтіп, «Астана арландары» тағы бір ұпайға ие болып, 3:2 есебімен «Мехико сарбаздары» командасынан басым түсті.  

Соңғы жаңалықтар