БОКС: «Астана арландары» мен «Баку Файрстың» жартылай финалда тартысқа түсетін құрамы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжандық «Баку Файрс» бокс клубы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) бірінші жартылай финалдық тартысында «Астана арландарына» қарсы шығатын боксшылар бестігін атады.

БОКС: «Астана арландары» мен «Баку Файрстың» жартылай финалда тартысқа түсетін құрамы белгілі болды

49 келіге дейін салмақ дәрежесінде Мардан Берікбаевқа қарсы Хамза Наметов шығады. 56 келіге дейін салмақта Мәди Шолақов шаршы алаңда Гаирбек Гермахановпен қолғап түйістіреді. 64 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әжібайдың қарсыласы - Гайбатулла Гаджиалиев.

75 келіге дейінгі салмақта Ерік Әлжанов Солтан Мигитиновпен жекпе-жекке шығады. Ал 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит пен Абдулкадир Абдуллаев бақ таластырады.

Бұл кездесу 26 сәуірде Астанада ұйымдастырылса, қарымта жекпе-жектер 3 мамырда Бакуде өтеді. Елордадағы тартысты дода «Сарыарқа» республикалық велотрегінде сағат 20:00-де басталады, деп жазады Vesti.kz.