БОКС: «Астана арландарының» «Baku Fires» командасына қарсы құрамы белгілі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Астана арландарының» «Baku Fires» командасына қарсы құрамы белгілі болды. Бұл туралы бүгін «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының Фейсбуктегі парақшасында мәлім етілді.
«Baku Fires» командасымен кездесуде «Астана арландары» сапында Теміртас Жүсіпов (49 келі), Нұрсұлтан Көшеғұлов (56 келі), Асхат Уәлиханов (64 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) және Василий Левит (91 келі) шаршы алаңға шығады.
Естеріңізге сала кетелік, Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші маусымы аясында 2015 жылдың 31 қаңтары күні Әзербайжанда «Астана арландары» мен «Baku Fires» командасы кездеседі. Сайыстар Губа қаласының Олимпиадалық кешенінде Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:00-де басталады. Қарсыластар құрамы әзірге белгісіз.