БОКС: «Astana Arlans» қарсыластары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» бокс клубының WSB бесінші маусымындағы қарсыластары анықталды. Бүгін Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші маусымына жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлады Sports.kz.
Жеребе нәтижесі бойынша қазақстандық «Astana Arlans» клубы В тобына түсті, олардың қарсыластары «Argentina Condors», «Venezuela», «USA Knockouts», «Italia Thunder», «Azerbaijan Baku Fires», «Poland Hussars» командалары болмақ. Топтың соңғы қатысушысы таяу күндері белгілі болады.