БОКС: Бангкокта Азия чемпионаты бірінші раундының жеребесі өтті

Жеребеге қатысушы елдердің барлық жаттықтырушылары атсалысты, солардың арасында Қазақстан ұлттық құрамасының Мырзағали Айтжанов пен Азия бокс конфедерациясының даму жөніндегі кеңесшісі Болат Манкенов бастаған жаттықтырушылар штабы болды.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов бірінші раундта сириялық спортшы Парехамен, ал Олжас Саттыбаев (52 келі)
Вьетнам боксшысы Бу Тронг Таймен кездеседі. Бүгін Закир Сафиуллин (60 келі) рингке қытайлық Шан Джуньге қарсы шығады.
Қазақстан құрамасының салмақ дәрежелерінде жоғары рейтингтерге ие болған боксшылары келесі айналымға автоматты түрде өтті. Олар: Қайрат Ералиев (56 келі), Самат Бәшенов (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Иван Дычко (91 келіден астам), деп жазады sports.kz.