13:01, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
БОКС: Бекман Сойлыбаев кәсіби рингтегі алтыншы жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби рингте алтыншы жеңіске қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Оның қарсыласы америкалық боксшы Хосе Луис Арайза болды.
25 жастағы Сойлыбаевтың бұл алты жекпе-жектегі алтыншы жеңісі болса, ал 36 жастағы Арайза 46 айқаста 14 рет жеңілген.
Еске салсақ, жерлесіміз 1 тамызда өткен жарыста мексикалық Серхил Нахерді 38 секундта есінен тандырған еді.
Фото с сайта diamondring.kz