10:37, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Бокс: Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі 12 желтоқсанда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін 12 желтоқсанда өткізеді, деп хабарлайды kazsport.kz.

Жеңіл салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (6-0-0, 3КО) кезекті жекпе-жегін 12 желтоқсанда Киевте (Украина) өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы - 26 жастағы грузиялық боксшы Кахабер Аветисян. Аветисян кәсіби бокста 74 кездесу өткізіп, 41-інде жеңіске жетіп (23 нокаут), 32 жекпе-жекте ұтылып, 1 кездесуін тең аяқтаған. Айта кетейік, Бекман шығатын кештің басты жекпе-жегінде украиналық Александр Усик (8-0-0) пен кубалық Педро Родригес (22-1-0) кездеседі. Еске салсақ, тамыз айында қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби рингте алтыншы жеңіске қол жеткізген еді.