БОКС: Берік Әбдірахманов AIBA Pro Boxing турнирінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 60 келі салмақ санатындағы қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов AIBA Pro Boxing (APB) лицензиялық олимпиадалық турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

БОКС: Берік Әбдірахманов  AIBA Pro Boxing турнирінің финалына шықты

2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері үшінші турда бразилиялық Робсон Консейсаомен кездесті. Жекпе-жек нәтижесінде Әбдірахманов ұпай санымен жеңіске жетті - 58:56, 58:56, 57:57.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. 2016 жылғы Олимпиадалық ойынға жолдама алу үшін Әбдірахманов енді өзбекстандық Хуршид Тожибаевпен кездеседі, ол да қарсыластарынан үш рет басым түскен.