12:55, 31 Қазан 2015 | GMT +5
БОКС: Бүгін Айдос Ербосынұлының украиндық боксшымен жекпе-жегі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 31 қазанда Украинаның Кривой Рог қаласында қазақстандық орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы шаршы алаңда өнер көрсетеді, деп хабарланған боксшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобында.
Оның қарсыласы украиндық боксшы Денис Поднебесный болмақ. Айта кетейік, бұл бұдан бұрын ережесіз жекпе-жектерге ғана қатысқан украиндық боксшының кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі. Шаршы алаңдағы сайыс украиндық Рудана және Интер телеарналарынан 31 қазанда Астана уақыты бойынша түнгі сағат 00:00-де көрсетіледі. Бүгін Айдос Ербосынұлы мен Денис Поднебесный салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Айдос Ербосынұлы 1991 жылы 14 қарашада Алматы облысының Жаркент қаласында туған. Көптеген халықаралық турнирлердің чемпионы атанған, Қазақстан кубогы иегері. Astana Arlans құрамында WSB бүкіләлемдік сериясының чемпионы.