БОКС: Данияр Елеусінов Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Катардың Доxа қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/4 финалында жеңіске жетті.
69 келіде өнер көрсететін Д.Елеусінов филиппиндік қарсыласы Еумир Феликс Марсиалды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп кетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының 5 боксшысы: Олжас Сәттібаев, Жәнібек Әлімxанұлы, Василий Левит, Қайрат Ералиев пен Зәкір Сафиуллин Әлем чемпионатында жартылай финалға шыға алмай қалды.