19:27, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
БОКС: Дариға Шәкімова әйелдер арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Уланчабуда әйелдер арасындағы бокстан құрлықаралық біріншіліктің жартылай финалдық сыны аяқталды, деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінен.
Командадан финалға тек Дариға Шәкімова (75 кг дейін) шықты, Бүгін ол Сайон Сеонгты (Оңтүстік Корея) 3:0 жеңіп, ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлады sports.kz.