01:43, 29 Мамыр 2016 | GMT +5
БОКС: Дәурен Елеусінов 12 маусымда рингке оралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 жастағы қазақстандық сайыпқыран Дәурен Елеусінов кәсіби бокстағы келесі жекпе-жегін 12 маусымда өткізеді, деп хабарлайды sports.kz.

Лэйклендте (АҚШ, Флорида штаты) қазақстандық орта салмақтағы жергілікті боксшы Девон Лимен жекпе-жеке шығады. Бұл айқас сегіз раундтқа созылатын болады.