БОКС: Дәурен Елеусіновтің жекпе-жегі 8 мамырға шегерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 18 сәуір күні супер-орташа салмақтағы 28 жасар қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби рингтегі өзінің екінші жекпе-жегін өткізуі тиіс болатын.
Алайда, оның қарсыласы, американдық Хулио Гарсияның супер-орташа салмақ көрсеткішіне (76 келіге дейін) сай келе алмауына байланысты қазақстандық боксшының командасы жекпе-жекті кейінге қалдыруға шешті, деп хабарланған боксшының ВКонтакте желісіндегі парақшасында.
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та 8 мамыр күні өтеді.