Бокс: Джеймс Тони 23 жылдан соң күрзі жұдырықты Рой Джонсты жекпе-жекке шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы, 48 жастағы америкалық боксшы Джеймс Тони төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Рой Джонсты қарымта айқасқа шақырды
«Ей, Рой Джонс қайдасың сен? Менің сенімен жұдырықтасқым келеді»,-деп жазды Тони Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында.
Еске сала кетсек, Тони мен кіші Джонстың арасындағы алғашқы жекпе-жек 1994 жылғы 18 қарашада өткен еді. Онда төрешілердің бірауызды шешімімен Джонс жеңген болатын.
Тони кәсіби рингте 92 жекпе-жек өткізіп, оның 77-інде басып түсті (47 нокаут), 10 рет жеңілді. Оның үш кездесуі тең аяқталған, сондай-ақ екеуі есептелген жоқ. Ал Рой Джонстың есебінде 74 айқас бар, оның 65-і жеңіс (47 нокаут), тоғызында тізе бүккен.