БОКС:Эдди Альварес UFC чемпионы атағы үшін болған айқаста Рафаэль дос Аньосты сұлатып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақта Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) жеңімпазы атағы үшін өткен жекпе-жекте американдық Эдди Альварес бразилиялық Рафаэль дос Аньостан басым түсті.
None
None

Бұл айқас - Лас-Вегаста өткен UFC 90 турнирінің басты оқиғасы, деп хабарлайды ТАСС.

Альварес бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Дос Аньос 2015 жылы наурыз айында жеңіп алған атағын екінші рет қорғауы тиіс болған. Дос Аньостың жеңілуімен Бразилия он жылда алғаш рет барлық санат бойынша UFC чемпионы жоқ елге айналды. 

2008 жылдан бері  Альварес UFC-да 9 жекпе-жек өткізген. Оның жетеуінде жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапқан. 

Соңғы жаңалықтар