Бокс: Ералиев - ел чемпионы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлолдарда өтіп жатқан бокстан ел чемпионатында 56 келіде Қайрат Ералиев чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қалжановпен бұған дейін кездеспеген едім, қарсыласым оңай болған жоқ. Бапкерлерімнің айтқандарын орындап, жақсы тактика құра білдік. Өз салмағыңда қарсыластарың көп болған сайын барлық жағынан шыңдала түсесің», - дейді Қазақстан чемпионы атанған Ералиев.
Айта кетейік, бұл салмақтың ақтық кездесуінде Ералиев пен маңғыстаулық Нұрбол Қалжанов қолғап түйістірген болатын. Тартысты өткен жекпе-жектің нәтижесінде төрешілердің 2-1 есебімен Қайрат жеңіске жетті.