БОКС: Ф.Мейвезер М.Майданамен жекпе-жегі үшін 70 млн. доллар алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Флойд кіші Мейвезер аргентиналық Маркос Майданамен жекпе-жегі үшін 70 млн. доллар алады.

БОКС: Ф.Мейвезер М.Майданамен жекпе-жегі үшін 70 млн. доллар алады

Vesti.kz-тің хабарлауынша, бұл жайында босшысы өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлаған. Бұл сомаға жекпе-жекке тігілген 32 млн. доллар мен PPV-тің 38 млн. доллары кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Ф.Мейвезер соңғы кездесуінде М.Майданадан басым, түсіп, жартылай орта салмақтағы WBC пен WBA атақтарын иеленіп отыр. Бұл шаршы алаңдағы шайқас 4 мамыр күні Лас Вегастағы MGM Grand аренасында өткен болатын. Босшылар 12 раунд бойы шаршы алаңда шайқасып, төрешілердің шешімімен американдық жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, осы жекпе-жектен кейінгі қарбалас сәтте жарақат алған 20-дан астам адам ауруханаға жеткізілген еді.