Бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Странджа турнирінде рингке неге шықпағанын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» турнирінде 1/8 финалда өзбекстандық Баходир Жалоловпен кездесуге неге шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты рингке шықпады.

«Сонымен қатар жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет», делінген арнайы мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан «Странджа» кубогінде Оразбек Асылқұловтың ¼ финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Бекзат Нұрдәулетов келесі кезеңге өтті.


Соңғы жаңалықтар