БОКС: Фируза Шарипова Испанияда кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова кәсібилер арасында екінші жекпе-жегінде мерейі үстем болды.

БОКС: Фируза Шарипова  Испанияда кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Айқас Испаниядағы Сан-Полода ашық аспан астындағы рингте өтті, деп жазады sports.kz.

21 жастағы боксшы Фируза Шарипова тәжірибелі итальяндық спортшы Анжела Канецаромен (5-4-0, 1 КО) кездесті.

Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен  қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша Фируза Шарипова әлемдегі әйелдер боксының  алғашқы промоутерлік компаниясының қамқорлығымен өткізген жекпе-жегін табысты бастады.

Атап өткен жөн, Фируза Шарипованы бұл айқасқа дайындықты Мәскеуде олимпиада чемпионы Вячеслав Яновскийдің бокс базасы залында өткізді.

Оның менеджері - әлемдегі әйелдер боксының  алғашқы промоутерлік компаниясының бас продюсері Сергей Завилейский.