Бокс: Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы WBO белбеуінің иегері Дмитрий Пирог болуы мүмкін
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - К2 атқарушы директоры Том Леффер қазақстандық боксшы, WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Дмитрий Пирог арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.
Бұл жайында «Казахстансакя правда» газетінің бүгінгі нөмірінде жарық көрген ақпаратта айтылған. «Менің білуімше, Пирогтың жарақаты жазылды. Біз белгілі бір дәрежеде оны қарсылас ретінде қарастырдық. Пирог НВО-да (НВО - бокс жекпе-жектерін ұйымдастыратын әрі эфир арқылы көрсететін американдық телеарна) жұдырықтасып, Дэнни Джейкобсты жеңген болатын. Демек, біз оның кандидатурасын қарастыруға дайынбыз», - дейді ол.