Бокс: Германиядағы «Chemistry Cup 2012» додасының жартылай финалына Қазақстанның 4 боксшысы өтті

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Германияның Галле қаласында өтіп жатқан бокстан «Chemistry Cup 2012» додасының екінші кезеңінде қос қазақстандық боксшы жарысты аяқтады, деп хабарлайды "Аламан" порталы.

Бокс: Германиядағы «Chemistry Cup 2012» додасының жартылай финалына Қазақстанның 4 боксшысы өтті

Олар Қанат Әбутәліпов пен Иван Дычко.

Ал Серік Сәпиев, Ғани Жайлауов, Әділбек Ниязымбетов, Данабек Сужанов жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда 60 келіде Ғани Жайлауов пен Дмитрий Полянский (Ресей), 69 келіде Серік Сәпиев пен Патрик Воджиски (Германия) былғары қолғаптарын түйістіреді.

Сонымен қатар75 келіде  Данабек Сужановқа қарсылас ретінде Эскуива  Фалькао (Бразилия), 81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетовке қарсылас болып Жозеф Вард (Ирландия) бекітілді.