БОКС: Головкин мен Гилдің жекпе-жегін «Қазақстан» мен «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 шілдеде Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden 20 мыңдық үлкен аренасында жылдың ең үздік оқиғасы - WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемнің бұрынғы чемпионы австралиялық Дэниэл Гил арасында кездесу өтеді.
Г. Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын 11-інші рет қорғайтын болады.
Оның промоутері Том Леффердің журналистерге хабарлауынша, қазақстандық пен австралиялық боксшының жекпе-жегін әлемнің 100-ден астам елінде көрсетеді.
Madison Square Garden-ғы барлық кездесулер «KazSport» телеарнасында Астана уақыты бойынша таңғы 06.30-дан, ал сағат 8.00-де Головкин мен Гилдің жекпе-жегі «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.