08:13, 22 Қараша 2014 | GMT +5
БОКС: Головкин мен кіші Чавестің жекпе-жегі 2015 жылы өтуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы экс-чемпион Хулио Сезар Чавес (кіші) 2015 жылдың бірінші жартысында рингке қайта оралатынын айтты, деп жазады sports.kz.

Оның келесі қарсыласы жартылай орта салмақтағы экс-чемпион Бернард Хопкинс пен IBF тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы чемпион Карл Фроч болмақ.
«Мен алдағы жылдың ақпан не наурыз айында рингге қайта оралам. Бернард Хопкинс не болмаса Карл Фрочпен кездесу өткізем, бірақ Геннадиймен де жұдырық түйістіруге қарсы емеспін. Алайда оның ақпан айында кездесуі жоспарланып қойған. Онымен кейінірек келер жылы кездесеміз деп үміттенем», - деді кіші Чавес.