БОКС: Головкин мен Рубио жекпе-жегін тұрып тамашалайтын орындарға билеттер сатылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBO және WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жұдырықтасуға билеттердің 75 пайызы сатылып кеткен. Ұйымдастырушылар жекпе-жекті тұрып тамашалайтын орындарға қосымша билет сатуды жоспарлауда, деп хабарлады Boxingscene.com.
Ондай билеттің құны 27 доллар болмақ.
«Екі апта ішінде біз билеттердің 75 пайыз сатып үлгердік, - дейді Головкиннің менеджері Том Леффер. - Бұл Головкиннің Батыс жағалуында аса танымал болып үлгергенін көрсетеді. Ол белгілі бір қалада немесе мемлекетте сайысатын басқа чемпиондармен салыстырғанда, әлемнің кез келген түпкірінде айқасуға дайын».
Леффердің айтуынша, Головкин мен Рубио айқасы аншлагпен өтпек. Сондықтан қосымша билеттер сатылатын болды.
«Біз мұндай акцияға өте қуаныштымыз. Жанкүйерлердің сұранысын қанағаттандыру және жекпе-жекті қолдау мақсатында тұратын орындарға билет сатамыз. Олар жақын арада сатылымға шығады» - деді ол.
Сонымен бірге бұлш жекпе-жекке құны 210, 105 және 53 доллар болатын билеттер сатылатынын айта кетейік. Еске салсақ, Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы былғары қолғап бәсекесі 18 қазанда Лос-Анджелесте өтеді.