БОКС: Головкин-Рубио жекпе-жегінің билеттері рекордтық жылдамдықпен сатылуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі (72,5 км) әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мекикалық Марко Антонио Рубиомен болатын жекпе-жегіне билеттер рекордтық жылдамдықпен сатылып кетіп жатыр. Бұл туралы Геннадийдің промоутері Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды boxingscene.com.

БОКС: Головкин-Рубио жекпе-жегінің билеттері рекордтық жылдамдықпен сатылуда

Том Леффлердің айтуынша, билеттердің сатылым жылдамдығы бокс өтетін аренаның рекордын жаңартқан.

«Біз бұл кездесуге өте көп билет сатып үлгердік. Бұл жекпе-жек, аренаның сатылым жылдамдығы бойынша барлық рекордын басып озды», - деді өз сөзінде Леффлер.

Естеріңізге сала кетейік, бокс кеші биыл 18 қазан күні Карсон қаласының (АҚШ, Калифорния штаты, Лос-Анджелес округы) StubHub Center аренасында өтеді. Аренаның сыйымдылығы - 30 510 адам.