03:27, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
БОКС: Головкин-Рубио жекпе-жегінің билеттері сатылымға түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA чемпионы Геннадий Головкин мен WBC-ның уақытша чемпионы мексикандық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің билеттері 27 тамыздан бастап сатылымға түседі, деп хабарлайды Tofight.ru.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақ дәрежесінде WBA және IBO толыққанды титулына ие болумен қатар, WBC титулына міндетті үміткер болады. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин АҚШ-та 18 қазан күні Марко Антонию Рубиомен Калифорния штатындағы Карсон қаласының «Stub Hub Center» аренасында кездеседі.