БОКС: Головкин салмақ өлшеуде Мюррейден сәл ғана жеңіл болып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық Мартин Мюррей WBC ережелері бойынша салмақтарын өлшеді, деп хабарлады GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Геннадий Головкин 73,9 келі (163 фунт) тартса, ал Мартин Мюррейдің салмағы - 74,8 келіні (165 фунт) көрсетті.
Айта кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпанда Монакодағы Salle des Etoiles аренасында өтеді. Басты кездесуі Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек саналатын кәсіпқой бокс кешіндегі барлық төрт матчты да отандық спортсүйер қауым ақпанның 21-інен 22-сіне қараған түні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде сағат 01.30-дан бастап тамашалай алады.
Бұл кездесулердің барлығы 22 ақпан күні таңғы 10.00-да «KazSport» телеарнасы жекпе-жекті қайталап көрсетіледі.