БОКС: Головкин сұлатқан Стивенс тағы бір жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы американдық боксшы Кертис Стивенс WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен сүрінгеннен кейін өзінің екінші жеңісіне қол жеткізді.
29 жастағы Кертис Стивенс өзінің 31-інші жекпе-жегін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонмен өткізді. Оныншы раундтың алдында Джонсон американдықтан 89:82, 89:82 және 87:84 есебімен басым түсіп тұрған еді. Бірақ Стивенс реті келген бір сәтте қарсыласын бұрышқа тығып, есін жидырмай үсті-үстіне соққының астына алды. Төрешіге кездесуді тоқтатуға тура келді. Сөйтіп ол техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кеткен жөн, Геннадий Головкинен жеңілген соң Кертис Стивенс поляк Патрика Маевскийден басым түскен еді, деп хабарлайды Vesti.kz.