БОКС: Головкин жеңіске жетсе, миллион доллар олжалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жекте өз мансабындағы ең мол қаражатқа ие болмақ, деп хабарлады Vesti.kz.

 БОКС: Головкин жеңіске жетсе, миллион доллар олжалайды

Атап айтқанда, комиссиялық алымдарды төлегеннен кейін, қазақстандықтың қолына 900 мың доллар тиеді, ал Рубио қажетті салмақтан асып түскендіктен, 450 мың доллардың орнына 350 мыңды қанағат тұтатын болды.

Головкиннің Рубиомен жекпе-жегі ертең, 19 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де басталады.