БОКС: Х.Аллахбердиев әлем чемпионы атағынан айырылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Хабиб Аллахбердиев 63,5 келі салмақ санатында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмады.
Лас-Вегаста (Невада штаты) американдық Джесси Варгаспен өткізген 12 раундық жекпе-жегінде ол ұпай санымен ұтылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Сонымен Аллахбердиев екінші рет алған белбеуінен айырылып қалды.
Еске сала кетсек, Х.Аллахбердиев аталған белбеуін 2012 жылдың 30 қарашасында Доминикан Республикасының боксшысы Хоан Гуманды жеңіп, ұтып алған болатын. Ол кезде 8 раундық кездесуде ресейлік боксшы қарсыласынан ұпай санымен басым түскен еді. Ал өткен жылдың 13 маусымында 11-інші раундта қарсыласы француздық Сүлеймен М'Байені техникалық нокаутпен ұтып, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Бұл жекпе-жегі үшін ресейлік 250 мың доллар алды. Варгас - 90 мың.