БОКС: Хальзова әлем чемпионы атағын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Валентина Хальзова (69 келі) алтын жүлдені жеңіп алды.
None
None

Бүгін финалда ол қытайлық боксшы Гу Хонды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан қоржынында әзірге үш алтын және екі қола медаль бар.

Айта кетейік, бұның алдында Н. Қызайбай мен Дина Жоламан Қазақстан қоржынына Әлем чемпионатының алтын медалін салған болатын.

Енді финалда 81 келіден астам салмақта Ләззат Күнгейбаева өнер көрсетеді.
ФОТО:Newtimes.kz

Соңғы жаңалықтар