Бокс: Хельсинкиде финалдық айқастағы қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 наурыз күні, жексенбіде Хельсинкидегі (Финляндия) GeeBee-2018 турнирінің финалында алты қазақстандық бақ сынайды, деп хабарлайды Sports.kz.
Барлық жартылай финалдық айқастан кейін Олжас Байниязовтың, Кайрат Ералиевтің, Абылайхан Жүсіповтың, Бек Нұрмағамбеттің, Василий Левиттің және Камшыбек Күнқабаевтың қарсыластарының кім екендігі белгілі болды.
Қазақстандық боксшылар қатысатын Хельсинкидегі турнирдің финалы:
52 кг. Олжас Байниязов (Қазақстан) - Биллаль Беннаман (Франция)
56 кг. Қайрат Ералиев (Қазақстан) - Нандор Чока (Венгрия)
69 кг. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Мохаммед Харрис Акбар (Англия)
81 кг. Бек Нұрмағамбет (Қазақстан) - Никита Агеев (Россия)
91 кг. Василий Левит (Қазақстан) - Константин Пинчук (Украина)
+91 кг. Қамшыбек Күнқабаев (Қазақстан) - Соломон Дакрес (Англия).
Фото: sports.kz