БОКС: И. Ақбербаев 28 ақпанда Гамбургте аргентиналық Р. Миномен жекпе-жекке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақта IBO Intercontinental нұсқасы бойынша әлем чемпионы Иса Ақбербаев 28 ақпанда Гамбургте титульды сайыс өткізеді.

БОКС: И. Ақбербаев 28 ақпанда Гамбургте аргентиналық Р. Миномен жекпе-жекке шығады

Қазақстандықтың қарсыласы - Аргентина өкілі Рубен Ангел Мино болмақ.

«KAZsport» телеарнасы бұл жекпе-жекті тікелей эфирде, астана уақытымен 00.00-де көрсетуді жоспарлап отыр.