БОКС: Ілияс Сүлейменов олимпиада жолдамасынан құр қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиадаға жолдама беруші АРВ жобасындағы 52 келіде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшы Иляс Сүлейменов ресейдің Новосібір қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп жазады sportnews.kz.

БОКС: Ілияс Сүлейменов олимпиада жолдамасынан құр қалды

Мексикалық боксшы Элиаса Эмиджио Абаркиге қарсы өткен кездесуде Иляс ұпай саны бойынша - 58:56, 58:56, 54:60 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп, боксшымыз Олимпиада жолдамасынан құр қалды. 52 келі салмақтағы финалдық бәсеке ресейлік Миша Алоянмен мексикалық Элиаса Эмиджио арасында өтеді. Жеңген боксшы Рио-2016 Олимпиадасына тікелей жолдама алады. 52 келінің қалған жекпе-жектері: Жасурбек Латипов (Өзбекстан) - Винченцо Пикарди (Италия) - 3:0 (60:53, 59:55, 59:55) Фернандо Мартинес (Аргентина) - Аслум Редуан (Франция) - 3:0 (60:54, 60:54, 60:54) Михаил Алоян (Ресей) - Мохамед Флисси (Алжир) - WO

Еске сала кетейік, финалдық бәсеке 2015 жылдың 30 қаңтарында Новосібір қаласында өтеді.