БОКС: Канадалық ресейлікті нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы титулын қорғап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 37 жастағы канадалық боксшы Адонис Стивенсон Квебекте рингінде ресейлік Дмитрий Сухотскиймен жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғап қалды.

БОКС: Канадалық ресейлікті нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы титулын қорғап қалды

Бұл туралы Newsru.com. хабарлады.

Стивенсон кездесудің басында-ақ өзінің мықтылығын танытты. Ол Дмитрийді екінші раундта нокдаунға жіберді. Сухонский айқасты әрі қарай жалғастыра алғанмен ұзаққа бара алмады. Стивенсон бесінші раундта алдымен ресейлікті екі рет есеңгіретіп, артынша сол жақ қапталдан қатты соққы беріп, нокаутқа түсірді.

Енді WBC шешімі бойынша Стивенсон рингке Монреалда (Канадада) өтетін ресейлік Сергей Ковалев пен канадалық Жан Паскел арасындағы жекпе-жекті жеңімпазына қарсы шығуы тиіс.