БОКС: Қанат Ислам колумбиялық боксшыны жеңді

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Колумбияда жергілікті боксшы Сегунда Херрерамен кездесу өткізіп, алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бұл туралы alaman.kz спорт агенттігі хабарлап отыр.

БОКС: Қанат Ислам колумбиялық боксшыны жеңді

Қыркүйек айының басында Қанат Ислам АҚШ-тағы «Nelsons» атты проумоутерлік компаниясымен екі жылға келісім-шартқа отырған. Бұл компанияның менеджері Нельсон Лопес ереже бойынша Исламға қарсылас тауып беріп, кездесулерін ұйымдастыру жағын да қамтамасызетуі тиіс.

22 қарашада Колумбия астанасы Боготада өткен кездесуде Қанат Ислам жергілікті боксшы Сегунда Херрераны алтыншы раундта таза жеңіп, оны әлем чемпионы атағына таласу құқығынан айырды.

«Nelsons» компаниясы сайтының жазуынша, қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекке дейін төрт кездесу өткізіп, барлық қарсыласын нокаутпен ұтқан.