БОКС: Қанат Исламның келесі қарсыласы - колумбиялық Эмелио Жулио-Жулио

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ боксшысы Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуін 26 сәуір күні Эквадор астанасы Кито қаласында өткізеді.

БОКС: Қанат Исламның келесі қарсыласы - колумбиялық Эмелио Жулио-Жулио

Қанаттың бұл жолғы қарсыласы колумбиялық Эмелио Жулио-Жулио, деп хабарлайды «Аламан».

Жасы отыз үште. Кәсіпқой рингте барлығы 33 кездесу өткізіп, 26 жеңіске жеткен (19 таза жеңіс), 10 кездесуде ұтылып, 2 жекпе-жекте тең түскен. Ол соңғы кездесуін ақпанда аргентиналық Хавьер Франсиско Маскиельмен өткізіп, жеңіліп қалған.

Ал Қанат осыған дейін сегіз рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жетті.