14:46, 29 Қазан 2015 | GMT +5
БОКС: Қанат Исламның кезекті қарсыласы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орташа салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Sports.kz.
Ол - 34 жастағы мексикандық боксшы Алексис Камачо (21-5, 19 КО). 10 раундтан тұратын жекпе-жек 7 қараша күні АҚШ-тың Майами қаласында өтеді. Еске салайық, Қанат Ислам - 19 жекпе-жекте жеңіске жеткен кәсіби боксшы.