БОКС: Қанат Исламның кезекті қарсыласы -эквадорлық Хумберто Толедо
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ елінде «Нельсон» проумоутерлік компаниясында жаттығып жүрген қазақ боксшысы Қанат Ислам өзінің сегізінші кездесуін 15 желтоқсан күні өткізетін болды,
деп хабарлайды "Аламан" спорт агенттігі.
Қанаттың қарсылас - 33 жасарэквадорлық боксшы Хумберто Толедо. Кездесу Доминикан Республикасының Ла Романа қаласында өтеді.
Толедо осыған дейін шаршы алаңда 51 кездесу өткізген. 41 кездесуде жеңіп, 8 матчта жеңіліпті. Екі жекпе-жекте тең түскен.
Ал Қанат Ислам кәсіпқой бокста жеті кездесу өткізіп, барлығында таза жеңіске жеткені белгілі.