Бокс: қарсыласын ұзаққа жеткізбей сұлататын Дэвид Хэй Чисораны техникалық нокаутпен ұтты

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Хэй өзінің отандасы Дерек Чисораны 5 раундта техникалық нокаутпен ұтты,

Бокс: қарсыласын ұзаққа жеткізбей сұлататын Дэвид Хэй Чисораны техникалық нокаутпен ұтты

 деп хабарлайды Лента-ру.

Хэй қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсіргеннен кейін төрешілер Чисора шаршы алаңдағы шайқасты одан әрі жалғастыруға қауқарсыз деп шешім шығарған. 

Хэй мен Чисора арасындағы жекпе-жекті өткізуді мақұлдаған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы жеңімпазға қауымдастықтың құрлықаралық чемпионы атағын беруге уәде еткен.

31 жастағы Хэй кәсіби рингте 27 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде жеңіске жеткен, 23-і нокаут. Ал 28 жастағы Чисора 18 мәрте шаршы алаңға көтеріліп, оның 15-інде жеңіске жеткен, 9 рет қарсыласын нокаутқа жіберген.

Лондонда өткен жекпе-жекті шамамен 30 мың адам тамашалаған.